Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елде мемлекеттік жер кадастры және жерді пайдалану туралы ақпарат дұрыс берілмей келеді

AstanaTV
12.06.2018ж. 20:00
5571
Елде мемлекеттік жер кадастры және жерді пайдалану туралы ақпарат дұрыс берілмей келеді

Мемлекеттік жер кадастры және жерді пайдалану туралы ақпарат дұрыс берілмей келеді. Сондықтан жер иеленушілер арасында сотқа шағымдану фактілері көбейген. Бұл туралы бүгін сенаторлар Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерімен кездесуінде айтты. Депутат Жеңіс Нұрғалиевтің пікірінше, кадастрлық мәліметтердің шындыққа сай келмеуі аталмыш құжатқа деген сенімді кетіреді. Сондықтан жер кадастры туралы ақпарат барлық қызығушылық танытқандар үшін ашық болуы тиіс деді.

Жеңіс Нұрғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жақында Жамбыл облысына барған қызметтік іс-сапар барысында біздің комитет мүшелері суармалы жерлер туралы берілетін ақпарат шындыққа жанаспайтынын көрді. Бұл республика бойынша да байқалған жағдай. Мысалға, республика бойынша жер ресурстары комитетінің ақпаратына сүйенсек, суармалы жер көлемі 2 181 га болса, су ресурстары комитетінің ақпараты қарама-қайшы, 2 092 га екенін айтады.  Мұндағы айырмашылық шамамен 90 мың гектар. Тек Жамбыл облысындағы айырмашылықтың өзі 57 мың гектарды құрайды екен.