Негізгі / Жаңалықтар / «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбев Ақтөбе облысына барды

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбев Ақтөбе облысына барды

«Ақтөбе облысында «Нұр Отан» партиясының жобалары сәтті жүзеге асырылуда». Өңірге жұмыс сапарымен барған партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбев осылай деді. Қазір облыста оқушылар мен жастарға үлкен қолдау бар. Мәселен мектептерде IT сыныптар ашылып, кітапханалар заман талабына сай білім орталықтары ретінде қайта құрылып жатыр. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер мен балалар үйінің түлектеріне де жағдай жасалған.

Бұл - қаладағы нөмері 56-ыншы мектепте ашылған IT сынып. Ұстаздардың сөзінше, жаңа технология жетістіктерін игеруге талпынған оқушы көп. Білім ордасы жазғы демалыс кезінде балаларға бағдарламалау мен робототехника негіздерін үйретуде. Жыл соңына дейін облыста 20 IT сынып пен екі IT орталық ашу жоспарланған.

Жасұлан Тұрсынбаев, IT сынып жетекшісі:

Олар  екі бағдарламалаудан өтіп жатыр. Біреуі «sketch», екіншісі  «sсratch up». Яғни анимация және ойын құру және мультик создавать ету деген сияқты. Және 3 Д үйлерді құру. Бара-бара бұлар 3 этаптан өтеді. Яғни анимация, бағдарламалауды жетік меңгеру және веб-дизайн.

Партиялық жобалар аудандарда да сәтті іске асырылуда. Алға ауданының Бестамақ ауылындағы кітапханада жаңа форматта білім алуға мүмкіндік беретін co-workinq орталық ашылыпты. Бұл жерде жастармен қатар үлкендер де қажетін таба алады. Тегін  Wi-Fi, қажетті құрылғылармен жабдықталған. Тіпті 6 жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін дамытуға да жағдай жасалған.

Әлішер Тыныштық,  «Жас Отан» ЖҚ белсендісі:

Осы ручка арқылы оқытуға болады. Мысалы, біздің кішкентай інілеріміз өзі оқи алмағандықтан, осы ручкамен тыңдай алады. Қазір балаларға көрсетіп жатырмыз. Мысалы, қараңыз, «Халық ертегісі» деген кітап болса, кітаптың атын көрсетеді, одан кейін ішін көрсетеді.

«Күншуақ» демалыс лагері, партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіп келеді. Ал «Мейірім» деп аталатын мына орталық еліміз бойынша алғаш рет Ақтөбеде жұмысын бастады.110 орынға шақталған нысанда балалар үйі мен интернат түлектері тұрып жатыр. Кешен аумағында оқу-өндірістік алаңдар, шаштараз, жылыжай, аяқ киім жөндеу шеберханасы бар. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:  

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жобаларымыз бар, цифрландыруды Қазақстанда таратуға арналған жобалар бар, кіші және орта бизнесті қолдауды мақсат ететін жобаларымыз бар. Осы салалардың барлығын да біз Ақтөбе облысынан біраз жұмыстар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Біз ақсақалдармен де, халықпен де, ата-аналармен де сөйлесіп жатырмыз. Барлығы халықтың тарапынан жақсы қолдау табуда.

Мәулен Әшімбаев сапар соңында «Нұр Отан» партиясының активімен кездесті.  Партиялық жобаларды тиімді жүзеге асыру тектіктері талқыланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды.

Жақсыбек КЕМАЛ