Елімізде Ана кодексі мен Әке кодексі қолданысқа енгізілуі мүмкін. Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева осылай деді. Президент тапсырмасымен Зағипа Балиеваның орнына уәкіл болып тағайындалған ол бір мезетте миллиондаған баланың анасы болып шыға келгенін айтты. Сәуле Айтпаеваның пікірінше, балалар құқығын қорғауда ата-атаның да, мұғалімнің де рөлі аса маңызды. Сондықтан бұл саладағы мәселелер жүйелі түрде қарастырылмақ.
Сәуле Айтпаева, ҚР Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ең
алдымен бала қоғамдағы мәселелерді білуі тиіс. Сол кезде ол өзін қорғай алады.
Қыр-сыры жазылған Ана және Әке кодексін енгізуді қарастыратын боламыз. Өйткені
жас аналарға ақыл-кеңес беретін кездер болады.