Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстан биыл туристер санын 20 пайыздан төмендетпеуді көздеп отыр

AstanaTV
13.06.2018ж. 20:00
2170
Қазақстан биыл туристер санын 20 пайыздан төмендетпеуді көздеп отыр

Қазақстан биыл елге келетін туристер санын 20 пайыз межесінде сақтап қалуды көздеп отыр. Ал ішкі туризм кемі 5 пайыздан асуы тиіс. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз жиынында Қазақ туризм ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлімдеді. Оның сөзінше, елге туристердің ең көп келуі өткен жылы ЭКСПО көрмесінде байқалған.

Ал ішкі және сыртқы туризмге оң ықпал ету мақсатында «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында толағай жұмыстар атқарылып, жаңадан үш бірдей қорық ашылған. Жобаның жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатынын айтты.

Берік Әбдіғалиұлы, "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы:

Тағы да қандай қасиетті жерлерді қосамыз? Бұл шын мәнінде тарихқа дәстүрге қызығушылық тудыру. Тарихын тану. Көптеген облыстағы туристік компаниялар, біздің мемлекеттік мекемелер, мектептер бәрі сонымен ұйымдастырылып жатыр. Сондықтан бұл жұмыс қазіргі күні жалғасуы өңірлерде талқыланып жатыр. Тізім әлі өзгеруі мүмкін.