Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде менингококк инфекциясын жұқтырған 9 айлық нәресте сауыға бастады

AstanaTV
14.06.2018ж. 20:00
2433
Ақтөбеде менингококк инфекциясын жұқтырған 9 айлық нәресте сауыға бастады

Ақтөбеде менингококк жұқтырған 9 айлық нәрестенің жағдайы қалыпты. Бұл жөнінде облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты. 9 айлық бала облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөліміне 10-ыншы маусым күні түсіпті.  Алғашында дәрігерлер балада жедел респираторлық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда «менингококтық жұқпа» диагнозы зертханалық түрде расталған. Бірден ем-шаралар қолға алынған. Дәгерлер сәбимен жақын қарым-қатынаста болған туыстарын да тексерген. Ешқайсысынан қауіпті белгілер табылмаған.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

Менингококтық инфекция зертханалық ретімен, жолмен дәлелденді. Қазіргі таңда ол бала облыстық инфекциялық ауруханада емін алып жатыр. Динамика бойынша жағдайы жақсы, тұрақты. Ошақта індетке қарсы шаралар өткізілді.

Айта кетелік, бұл облыста жыл басынан бері менингококк жұқпасымен түскен төртінші адам. Бұған дейінгі үш науқас та емделіп шыққан болатын.