Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

ШҚО-да жастар донорлар тапшы

AstanaTV
14.06.2018ж. 20:00
2546
ШҚО-да жастар донорлар тапшы

Өскеменде жас донорлар тапшы. Бүкіләлемдік донорлар күнінде мамандар осы мәселені көтерді. Дәрігерлер қан тапсырғандарға берілетін 1 мың теңге мен екі күндік демалыс жастарды аса қызықтырмайды деп отыр. Жас донорлар, көп жағдайда досына немесе туысына қан қажет болғанда ғана, келетін көрінеді.

Светлана Шмурыгина, ШҚО қан орталығы директорының орынбасары:  

Жас донорлар көбірек келгенін қалаймыз. Біздің қолымызда бар стастикаға сүйенсек, донорлардың 50 пайызы 30-40 жас аралығындағылар.

Дәрігерлердің айтуынша, қан билогиялық сұйықтық болғандықтан, ол адам жасы ұлғайған сайын бірге қартаяды. Ал егер ол жас адамның қаны болса, онда оның сапасы, компоненттерінің құрамы жоғары болатын көрінеді. Айта кетейік, ел аумағында 18 қан орталығы бар. Ал жыл сайын Қазақстанда 220 мың донор қан тапсырады екен.