$498.34 €519.72 ₽4.85
×

АҚШ Федералды резервтік қоры базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға көбейтті

AstanaTV
14.06.2018ж. 20:00
2232
АҚШ Федералды резервтік қоры базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға көбейтті

АҚШ Федералды резервтік қоры базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайызға көбейтті. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Қор мамандарының пікірінше, бұл шешім тұрақты экономикалық даму мен елдегі жұмыспен қамту көрсеткішінің жоғары болуымен байланысты. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 18 жыл қатарынан минималды көрсеткішке ие. Ал шағын және орта бизнес екінші рет 45 жылда болмаған жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр. АҚШ Федералды резервтік қорының пайыздық мөлшерлемені өсіруі инфляция мен жұмыспен қамту деңгейіне байланысты болмақ. Одан өзге реттеуші ұйым еңбек нарығындағы, тіпті халықаралық жағдайды да ескереді.