Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сенат депутаттары аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл әкімдерін тікелей сайлауға қарсы

AstanaTV
14.06.2018ж. 20:00
3731
Сенат депутаттары аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл әкімдерін тікелей сайлауға қарсы

Әділет министрлігінің ұсынысы қолдау таппады. Сенат депутаттары аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл әкімдерін тікелей сайлауға қарсы дауыс берді. Конституциялық заң жобасына тиісті өзгертулер енгізіліп, құжат мәжіліске қайтарылды.  Сенаторлар Мәслихат депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау жүйесінде тепе-теңдік болуы керек деген ұстанымда. Сондай-ақ округтік сайлау комиссияларын тарату мәселесі айтылды. Сайлау процесіне цифрландыру элементтерін енгізу де бар. Әкімдерді тікелей сайлау ісінде асығыстыққа бармау керек,- дейді жоғарғы палата өкілдері.

Владимир Волков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Заң жобасын талқылау барысында бірқатар толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Атап айтқанда, ауыл әкімдерін қызметінен босату және ол лауазымға басқа адамды тағайындаудың қолданыстағы тәртібін қалдыру тұрғысында. Қазір елімізде 2 422 селолық округ әкімі бар.