$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте көз жұмған оқушы менингит жұқтырған болуы мүмкін

AstanaTV
15.06.2018ж. 20:00
3016
Шымкентте көз жұмған оқушы менингит жұқтырған болуы мүмкін

Шымкентте менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен оқушы көз жұмды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуы қатты көтеріліп түскен бозбала бір сағатқа жетпей жан тапсырған. Бұл фактіге орай денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әзірге жазбаша ақпаратпен шектелді. Онда 2000-шы жылы туылған баланың бүгін таңда ауруханаға түскені жазылған.

Бізге белгілі болғанындай, кенеттен қайтыс болған оқушы қаладағы Ө.Жолдабеков атындағы № 9 мектеп- лицейінің 11 сыныбын бітіргелі жатқан оқушы. ҰБТ-ға дайындалып жүргендіктен ол күні кеше мектепте болыпты. Бүгін таңертең салтанатты түрде табысталатын аттестатын алуы тиіс болған екен.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бүгін осы мектепке қарасты жазғы лагердің де жұмысы тоқтатылған. Осы жағдайға байланысты мектептің барлық жерінде дезинфекция жасалып жатыр.