Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен бірнеше басқарма өзара меморандумға қол қойды

AstanaTV
15.06.2018ж. 20:00
2899
Қостанайда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен бірнеше басқарма өзара меморандумға қол қойды

Жыл соңына дейін Тобыл өңіріндегі кітапханаларда 4 коворкинг орталығы жұмыс істейтін болады. Ал аймақ мектептерінде 24 ІТ-сынып ашылады. Игі жобалар «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жүзеге аспақ.

Партияның Қостанай облыстық филиалы мен мәдениет, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өзара меморандумға қол қойды. Тараптар бірлесіп аталған бағытта жұмыс істеуге уағдаласты. Облыстық білім басқармасының басшысы аймақтағы мектептерде  ІТ-сыныптар ашылатындығын айтты. Игі жоба жаңа оқу жылы басталғанға дейін жүзеге асады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениет басқармасы мен билік партиясы бірлесе отырып екі бағытты еңсермек. Қос тарап кітапхана қорын цифрландыру, коворкинг орталықтарының қызметін ұйымдастыруды қолға алған.

Ерлан Қалмақов, Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

Облыстық кітапхананың және Қостанай, Әулиекөл, Қарасу аудандарының 3 кітапханасында, ауылдық кітапханаларда коворкинг орталықтарының қызметін ұйымдастыру туралы нақты жоспарларымыз бар. Бұл биылғы жоспарларымыз. Осы орталықтардың қызметін, тәжірибесін зерделей отырып, кейін осындай орталықтардың басқа өңірлерде ашылуын тағы да қарастыратын боламыз.