Негізгі / Жаңалықтар / KMG International компаниясы рекордты көрсеткіштерге жетті

KMG International компаниясы рекордты көрсеткіштерге жетті

«Әр күні жаңа бір жетістікке ұмтылу». Бұл Rompetrol жанармай бекеттері желісімен танымал КMG International компаниясының басты ұраны. 2007 жылдан бері нысан «ҚазМұнайГаз» жүйесіне кіреді. Халықаралық компания Еуропа мен Қара теңіз аймағындағы 12 мемлекетке мұнай өнімдерін жеткізеді. Қызметінің негізгі бағыттары - мұнай өңдеу өндірісі және оны өз жанармай бекеттері мен дилерлер арқылы сату. Румын елінде болып, КMG International компаниясының жетістіктерімен танысып келген Базаркүл Отыншиева әңгімелейді 

Бұл - Қара теңіз жағасындағы Констанца қаласы маңында орналасқан Петромидия зауыты. 2009-2012 жылдар аралығында жүргізілген жаңғыртудан соң мұнда өнім өндіру қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға жетті. Жұмыс қызып жататын нысанда адам күші аз, қондырғылар түгел автоматтандырылған.

Қуаныш Досмұратов "ROMPETROL RAFINARE" компетенция орталығының басшысы:

Тереңдетіп өңдеу көлемі 93.8. Болашақта оны 94 ке жеткізу жоспарда бар. Жыл сайын көрсеткіштерді жақсарту үстіндеміз. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде өнім сапасы мейлінше артты. 

Бүкіл процесті жоғары санаттағы мамандар бақылайды. Бүгінде автопилоттандырау технологиясына сай цифрландыру жобалары енгізілуде. Сақтау орындарында резервуар паркін арттырып, өңдеудегі шығындар оңтайландырылған соң, Румыния мен өзге елдерде ЖЖМ бекеттері көбейді. Бұл бензин, дизель отыны, Еуро 5 стандартына сай авиакеросин өндіруге мүмкіндік берді. Мұнай-химиялық кешен де бар. 

Сәдуақас Мералиев,  "KMG International":

Зауыттың қазіргі шығаратын өнімінің барлығы Еуро 5 стандартына сәйкес келеді. Цифрландырудың жоспарын біз былтыр бастап кеттік бір қондырғы аударылды. Қалған қондырғылар үш жыл ішінде үш үштен аудару жоспарда бар, бұл біздің 1 қадамымыз. Жалпы сол цифрландырудың арқасында 10-11 млн доллар пайда көреміз деп отырмыз.

Зауыттан бірнеше шақырым жерде Midia Marina Terminal орналасқан. Кешенді техникалық жаңғырту дан соң құбырлар арқылы мұнай өнімдері танкерлерге тиеледі. Арту тәулік бойы жүреді. 2013 жылы «Change for Good», яғни «Жақсыға ұмтылу», бағдарламасы жолға қойылды. Барлық бизнес үдерістерді өзгертуді көздегендіктен, бағыттар қайта қаралды.

Базаркүл Отыншиева, тілші:

«Ромпетрол» компаниясына қарасты логистикалық жүйеде дәл қазір сыйымдылығы бірнеше мың тонна болатын алып танкерлерге дайын өнімдер тиеліп жатыр, осыдан соң Петромидия зауытының өнімдері Қара теңіз арқылы өзге мемлекеттарге жол тартады.

Каталин Думитру,  "KMG International" аға вице-президенті:

Қазір біздегі мұнай өңдеу зауыттарын заманауи өндіріс орны ретінде айта аламыз. Ал компания жұмысына келсек, бір ғана мысал келтіруге болады. 2012 жылы 200 млн доллардай шығын көрген едік. Ал 2017 жылы 80 млн доллар пайдамен аяқтадық. Казмұнайгаз компаниялар тобымен бірлесе жұмыс істеу аясында көрсеткіштеріміз еселеп артты. Трансформациялаудың арқасында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткіздік.

Тағы бір маңызды бағыт - бөлшек сауда саласы. Компанияның ЖЖМ желісінде Грузия, Болгария, Молдова мен Румынияда 1 мыңдай бекет бар.  «Petromidia» және «Vega» зауыттары,«Petrochemicals» мұнай химия кешенінің үлесі бар. Rompetrol бренді аясында дүкендер, дәмхана клиенттердің сүйіктіорнына айналған.

Владислав Руснак, "ROMPETROL DOWNSTREAM" бас директоры: 

Румыния бойынша 141 жанармай стансасы бар, болашақта тағы 80 жанармай стансаларын салу жоспарланған. Бүкіл Румыния бойынша. Әлбетте барлық нысандар жаңа үлгідегі заманауи жүйеде жабдықталады. Ұстаным ортақ - Ромпетрол брендін әрдайым сақтау.

Бүгінде КMG International мен еншілес компаниялары аймақтағы ірі ойыншыға айналған. Шикі мұнайды тасымалдап, дайын өнім шығарып, шетке сату, ішкі нарықты толық қамту бойынша Еуропа мен Қара теңіз бассейніне танымал. Қазақстан шикізатының еуропаға шығуына жол ашатын қақпа іспетті. КMG International  2021 жылға қарай 200 млн доллар таза пайда табуды көздейді.