Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Египет Президентінің Астанаға ресми сапары

AstanaTV
27.02.2016ж. 20:00
1798
Египет Президентінің Астанаға ресми сапары

Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси кеше ресми сапармен Астанаға келді. Онымен Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық  және терроризм-экстремизммен күрес талқыланды. Дүние жүзіндегі қазіргі исламофобиямен, екінші жағынан діни экстермизммен бірге күресу айтылды.

Бірден тоқтала кететін жаңалық - Қазақстан билігі бұған дейін өткен жылы қазанда Синай түбегінде Ресей жолаушылар ұшағы тероршылар салған бомбадан апатқа ұшыраған соң тоқтап қалған Египетпен арадағы әуе қатынасы қайта ашылатынын хабарлаған. Азаматтық авиация комитеті  қазақстандық SCAT әуе компаниясы наурыздан бастап Шарм-әл-Шейх қаласына, ал  FlyEgypt Қазақстанға аптасына екі рет әуе рейсін ашатындарын айтқан.


Сондай-ақ, Астана мен Каир ауыл шаруашылығы, фармацевтика, инфрақұрылым және көлік-логистика  салаларында әріптестікті нығайтып, ғарыш пен атом салаларында ынтымақтастық орнатуға ниетті. Нақты ұсыныстарға келсек, Мысырдағы бизнес иелері Каспий жағалауындағы Кендірлі демалыс орнына инвестиция құйып, туризм саласында тәжірибе бөлісуге дайын.

Мемлекет басшысы Мысырдың «Ұлы жібек жолы» дәлізін дамытудағы маңызын ерекше атады. Бұл ел әлемдегі  ірі астық импорттаушы мемлекеттердің бірі – ал, Қазақстан ірі көлемде бидай экспорттаушы. Бұған дейін нақ осы тауар бойынша сауда жақсы жүрді. Енді  Мысырдың Жерорта теңізі жағалауында жаңа теңіз портын салу жоспары бар. Аталған порт Қазақстан үшін теңіз жолымен Африка елдеріне астық шығаруға мүмкіндік ашады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ауыл шаруашылық саласында ұзақ мерзімдік байланыстар жасау. Мысыр елі - астықты ең көп сатып алатын мемлекет. Біз - ең көп экспорттайтын мемлекетпіз.Қазақстан - астық экспортындағы көшбасшы мемлекеттің бірі. Сондықтан 2006-2010 жылдары Қазақстан Мысырға 1 млн тоннандан астық жеткізіп отырған. Осы бағытты одан ары өркендететін боламыз.

Египет президенті өзінің Азия елдеріне сапарын бірінші Қазақстаннан бастап отыр. Әл-Сиси Қазақстаннан соң Жапония мен Оңтүстік Кореяға барады.