$510.58 €571.8 ₽6.34
×

«Келісімге келгенше қыс түседі.» Бюджет қаржысының уақытында игерілмеуі.

AstanaTV
16.06.2018ж. 20:00
1662
«Келісімге келгенше қыс түседі.» Бюджет қаржысының уақытында игерілмеуі.

Бюджеттің орындалуы үкіметтің ішінде талқыланғанда Премьер-министр бірнеше салада қаржы игерілмей жатқанына тоқталды. Негізі, бюджеттің уақытында жұмсалмауы жылда қайталанатын және бар ақшаны ұқсата алмау не сұмдық? -деген сауал қойғызып, бас шайқататын құбылыс. Бюрократия, біліксіздік, тағы не?..  Бұл жолы жол құрылысына орай «Уақыт болса зымырап жатыр, жол төсеу мерзімі өтеді де, кетеді. Не істемексіңдер?», деді үкімет жетекшісі, Инвестициялар және даму министріне. Ал Ж.Қасымбектің есебінше, бәрі жоспар бойынша, ақшаны игеру  - 100 процент. Алайда премьер жолдар салу үшін Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкінен алынатын қарыз туралы келісімдердің мемлекеттік органдармен әлі талқыланып жатқанын айтып, «келіскендеріңше қыс түседі», деді. Министр Ислам банкімен ғана проблема бар дейді... Үндесетін тақырып -  Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізіне кіретін Тараз-Шымкент автожолының бірнеше жылдың ішінде тоз-тозы шыққанын көзіміз көрген. Біздің меншікті тілшіміз тиісті органдардан комментарий сұраған, былай деді:

Гаухарбек Мәмбетәлиев, «Қазавтожол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы:

Тараз бен Шымкент арасы, Батыс Қытай-Батыс Еуропаға кіретін, Жуалының бойындағы, сол жердің сапасы туралы не айтасыз? - Аркадан бері қарай сапасы сын көтермей жатыр? Соған не дейсіз?

- Ондайды білмедім. Ондай жоқ. Теп-тегіс жол.

-Аркадан өткенде атыр-бұтыр етіп өтеді ғой, шұңқыр –шұңқыр жол.

-Ол әр жақ Шымкент жақ, әлі біткен жоқ қой, толығымен. Біткен кезде түйістіріліп салынады. Сондай түйісу бөлімдерінде кедір бұдырлықтар бар. Облыс аралық. Әлі бітпегендіктен.

Қытай демекші, өткен аптада Мемлекет Басшының Қытай Халық республикасына сапары барысында 730 млн доллар көлемінде несие алатынымыз айтылған. Қарыз Орталық - Оңтүстік дәлізі бойындағы Астана-Қарағанды-Балқаш-Күрті-Қапшағай-Алматы тас жолының Қарағанды-Балқаш участогына жұмсалады, деген. Сонымен бірге қазақстан-қытай қоры құрылды. Ал екі мемлекеттің кәсіп иелері құны 13 млрд доллар, 40 коммерциялық құжатқа қол қойды. Эксперттер былай сараптайды:

Жұмабек Сарабеков, Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

Отандық ауылшаруашылық ет өнімдерін, шөпті Қытай нарығына экспорттау бойынша жаңа мүмкіндіктерге ие болдық. Қытайдың тиісті органдарымен біз фитосанитариялық талаптар бойынша ортақ келісімге келе алдық. Осы арқылы біз болашақта Қытайға ет өнімдерін кеңінен экспорттай аламыз. Қытай үкіметі мен қазақстан үкіметі арасында жаңа инвестициялық қор. Бұл қор Қазақстан экономикасындағы шикізат емес өндеуші өнеркәсіптерді қаржыландыру бойынша жұмыс жасайтын қор. Меніңше, бұл экономикамыздың модернизациясына, жаңа сапаға көшуіне өз үлесін тигізеді. Қытайдың экономикасы ұсынып отырған мүмкіндіктерді біз өз пайдамызға асырып, сонымен бірге тәуекелдерден сақтануымыз керек.