Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәулен Әшімбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

AstanaTV
18.06.2018ж. 20:00
3324
Мәулен Әшімбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Мәулен Әшімбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Астанадағы бірқатар емдеу мекемелеріне барды. 360 орынға шақталған қалалық аурухана көп салалы емдеу-диагностикалық орны. 1 мыңнанан астам адам жұмыс істейді. Ал, балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы заманауи медициналық құрал жабдықтармен қамтылған. Жоғары сапалы қызмет көрсетететін мекемелердің бірі. Медицина қызметкерлерімен кездескен Мәулен Әшімбаев оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Денсаулық сақтау еліміздегі аса маңызды салалардың бірі екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Қоғамда барлық мамандықтар маңызды ғой. Бірақ соның ішінде медициналық қызметкерлердің, дәрігерлердің мамандығының рөлі ерекше. Өйткені сіздердің еңбектеріңізге, жұмыстарыңызға біздің халықымыздың денсаулығы тікелей тәуелді.  Мемлекет үшін де маңызы жоғары. Мемлекеттің ең негізгі байлығы - шикізат, ірі өндіріс ошақтары, табиғи қазбалар емес, білімді, дені сау азаматтар.