«Ешнәрсе өзгермейді» деп
күңіреніп отыра берудің уақыты өткені байқалады. Белден басқанға дыбыс шығармай
шыдау ... иә, жоғалып кеткен жоқ, дегенмен серпіліс бар. Азаматтық қоғам
институтының бір тағаны қоғамдық пікір – күш алып келеді. Президент Жарлығымен
Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева балалар құқығы жөніндегі уәкіл қызметінен
босатылып, орнына Сенат депутаты, бұрын Бас прокуратурада қызмет істеген
генерал шенді Сәуле Айтпаева тағайындалды. Осы көктемде Оңтүстік Қазақстан
облысында «бала зорланды» деген дерек көпшілікке жария болғаннан кейін З.
Балиеваның әрекетін жұрт түсінбеген. Әжесімен, қорғаушылармен Алматыға кетейін
тұрған жерінен баланы пойыздан түсіріп алып, Астанаға алып кетіп, анасымен
зорға кездестіргені...Балалар үйлеріне еркін кіріп жүретін қорғамдық ұйым
өкілдерінің ол мүмкіндігін шектеу туралы ұсынысы – адамдардың наразылығын
туғызған. Қоғамдық белсенділер Мемлекет Басшысына хат жазып, уәкілдің
өкілеттігін тоқтатуды сұраған... Бірақ қоғамдық пікірдің субъективті де қыры
болатыны рас. Құрманғазы атындағы консерватория ректоры Жәния Әубәкірованың
қызметінен алынғанына өнерсүйер қауым, зиялы қауым «қап» деп отыр. -Оның кәсіби
білікті маман дайындаудағы, елдің атын әлемге танытудағы ролі айрықша, кінәсі
болса, қоршаған адамдарына шексіз сенгені ғана, дейді олар. Дау консерваторияда
Жәния Әубәкірованың өзі жүргіздірген аудиттен басталған. Оппоненттері
әлеуметтік желілерде жеке басқа тиетін ауыр сөздерге дейін барып,
қарама-қайшылыққа толы, контексттен жұлып алынған мәліметтерді боратқан...