Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысындағы поезд аударылуынан қайтқан 12 жастағы баланың миына қан құйылған

AstanaTV
19.06.2018ж. 20:00
2903
Жамбыл облысындағы поезд аударылуынан қайтқан 12 жастағы баланың миына қан құйылған

Жамбыл облысында болған жолаушылар пойызының апатына жүк пойызының қатысы жоқ. Ол жанынан өтіп бара жатқан. Бұл туралы Үкімет отырысында тергеудің алдын ала қорытындысын жариялаған Қазақстан темір жолы компаниясының басшысы айтты. Ал апатқа қатысты тергеуді премьер-министр өз бақылауына алды.

Қанат Алпысбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті:

Бұл жолдың соңғы жоспарлы диагностикасы алтыншы маусым күні жасалды. Ешқандай кемшілік анықталмаған. Рельстер мен шпалдар белгіленген меженің 60 пайызына ғана қызмет көрсеткен. Оқиғаға апат кезінде жолаушылар пойызының жанындағы жолдан өтіп бара жатқан жүк пойызының қатысы жоқ. 

Жексенбіде болған төтенше жағдайдан 25 адам зардап шеккен. Қаза тапқан 12 жасар бала бүгін жер қойнына тапсырылды. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша,  оның басына қан құйылған. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл жағдайды өз бақылауына алатынын мәлімдеді. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Қарағанды облысы әкімдігімен бірлесіп, қаза тапқан баланың отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін және бақылауға алсын. Ішкі істер министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен "Қазақстан темір жолы" компаниясымен басқа да мүдделі мемлекетті органдармен бірлесіп, вагондардың жолдан шығып кету себептерін мұқият тексерсін. Бұл оқиғаның тексерілу барысын мен өзімнің жеке бақылауыма аламын.