Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

КХДР басшысы Ким Чен Ын Бейжіңге ресми сапармен барды

AstanaTV
19.06.2018ж. 20:00
2163
КХДР басшысы Ким Чен Ын Бейжіңге ресми сапармен барды

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын Бейжіңге ресми сапармен барды. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Бірнеше көліктен құралған салтанатты кортеж мәртебелі меймандарға арналған қонақ үй алдына тоқтаған. Ким Чен Ын отырған темір тұлпарлар легін 10 шақты автобус пен жедел жәрдем көліктері қоршап жүр. Бейжіңнің орталығында қаптаған тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Ренхап агенттігінің дерегінше, Си Цзиньпин мен Солтүстік Корея басшысы арасында жуырда ғана Дональд Трамппен өткен кездесу туралы әңгіме өрбуі мүмкін. Сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-саттық стратегиясы сөз болады деген болжам бар. Айта кетейік, бұл Ким Чен Ынның Қытайға үшінші ресми сапары.