$448.39 €486.91 ₽5.83
×

"Алтын белгіге" үміткерлердің 98 пайызы өз білімдерін дәлелдеді

AstanaTV
19.06.2018ж. 20:00
2385
"Алтын белгіге" үміткерлердің 98 пайызы өз білімдерін дәлелдеді

"Алтын белгіге" үміткерлердің 98 пайызы өз білімдерін дәлелдеді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-минстрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, елде түлектердің 70%, яғни 102 мыңы, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. 15-ші Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым - 1 шілде аралығында өтеді. Биыл тестілеуді өткізу форматында өзгерістер жоқ. Тек тапсырмалардың 50 пайызы жаңартылған. Ал вице-министр ҰБТ-ның нәтижелерін телеграмм желісінен де көруге болатынын айтты. 

Асхат Аймағамбетов  ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

"Алтын белгі" төс белгісіне үміткер болған 6892 оқушының 6780-і, яғни 98,4%, өз білімдерін растап, төсбелгілермен марапатталды. Үздік аттестат бойынша - 4 966 баланың 4915-і, яғни 99 пайызы, «Үздік аттестат иегері» атанды.  

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах