$510.58 €571.8 ₽6.34
×

«Сарыарқа» газ құбырының алғашқы кезеңінде 200-дей елді мекен газбен қамтылады

AstanaTV
19.06.2018ж. 20:00
2592
«Сарыарқа» газ құбырының алғашқы кезеңінде 200-дей елді мекен газбен қамтылады

«Сарыарқа» газ құбырының алғашқы кезеңінде 200-дей елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы халықпен есепті кездесуі барысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана бағыты бойынша бірінші кезең 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Алғашқы кезеңнің құны 267 млрд теңгеден асады. Шілде айының басында Сарыарқа магистарльді газ құбырының салтанатты ашылуы болады.

Бірінші кезеңде газ құбыры бойынша 171 елді мекен қамтылып, 2,7 млн адам газбен қамтылады. Елорда тұрғындары үшін ең алдымен газды Көктал бірінші, екінші - теміржол, Юго-восток аудандарына және 1, 2, 3-ші жылу электр станцияларына жеткізу жоспарлануда.

Қанат Бозымбаев маусым айының 23-де Венада өтетін ОПЕК кездесуіне қатысатынын да айтты. Тұрғындар Энергетика министрінен қамауға алынған орынбасарлары туралы да сұрады. Естеріңізге сала кетсек, оның екі бірдей орынбасары Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев қамауға алынған болатын.