$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келгендерді әлеуметтік мәселелер толғандырады

AstanaTV
27.06.2018ж. 20:00
2064
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келгендерді әлеуметтік  мәселелер толғандырады

Көшпелі қоғамдық қабылдау - көпшілік пен билік арасындағы алтын көпір. «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының өкілдері Сарыкөл ауданында қабылдау өткізді. Ауылдағы ағайынды толғандырған мәселелерді тыңдады. Шара барысында басқарма басшылары мен өзге де атқамінерлер тұрғындардың арыз-шағымына қанықты. Заңдық тұрғыда кеңес берді. Сарыкөлде өткен көшпелі қоғамдық қабылдауға ауданның түкпір-түкпірінен жетпіске жуық толғандырады. Сауал жолдаған жұртшылық мемлекеттік мекеме басшылары мен мәслихат депутаттарынан тұшымды жауап алды.

Жаңабай Бисимбаев, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бірқатар азаматтарға жазбаша жауап беріледі. Өйткені сауалға  қатысты ақпаратты толық тексеріп, анықтап алуымыз керек. Ал кей тұрғындардың мәселесі осы қабылдау барысында шешімін табуы мүмкін. Оларға мемлекеттік мекеме басшылары жауап береді деп ойлаймын.

Жыл басынан бері облыстық, қала және аудандық филиалдың қоғамдық қабылдауына 3 мыңнан астам тұрғын келген. Олардың 42 пайызының мәселесі оң шешімін тапқан.