Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Риддер қаласының экс-әкімі Бауыржан Құрманбаевқа прокурорлар 5 жыл жаза сұрады

AstanaTV
27.06.2018ж. 20:00
2514
Риддер қаласының экс-әкімі Бауыржан Құрманбаевқа прокурорлар 5 жыл жаза сұрады

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының экс-әкімі Бауыржан Құрманбаевқа прокурорлар 5 жыл жаза сұрады. Бүгін қалалық сотта көлікпен адам қағу оқиғасы бойынша тараптардың пікірі тыңдалды. Сәуір айында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік тізгінге ие бола алмай 18 жастағы бозбаланы қағып өлтірген еді.

Мемлекеттік айыптаушылардың сөзінше, қылмыстық іс қоғамдық резонансқа айналған. Сондықтан тараптардың татуласуы мүмкін емес көрінеді. Бұл істегі маңызды куәгерлердің бірі Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабаев қандай да бір түсінік беруге асықпайды. Шахар басшысының баспасөз хатшысы оның қылмыстық іске қатысты мәліметтерді жарияламау туралы құжатқа қол қойғанын айтады.   

Әсем Қайратбек, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Қуат Тұмабаев сотта куәлік еткен, істің егжей-тегжейін жарияламау туралы құжат әлі де күшінде. Сондықтан ештеңе айта алмаймыз.

Ертең атышулы іске нүкте қойылады деп күтіліп отыр. Айыпталушы Бауыржан Құрманбаев соңғы сөзінде марқұм болған Евгений Смольниковтың отбасынан тағы бір рет кешірім сұрады.