Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Зейнетақы қорындағы қаражат барынша қорғалған - БЖЗҚ

AstanaTV
27.06.2018ж. 20:00
3925
Зейнетақы қорындағы қаражат барынша қорғалған - БЖЗҚ

Зейнетақы қорындағы қаражат барынша қорғалған. Сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жетекшілері өткізген брифингте айтылды. Бұқарамен байланыс департаменті директорының сөзіне сүйенсек, Қытай мен Үндістанның мұнай-газ және транспорт секторындағы ірі компанияларына салынған 30 миллиард теңгеге жуық ақша сенімді қолда. Оны сол елдердің үкіметі де тікелей бақылап отырады. Бірақ қаражаттың қашан қайтарылатыны айтылған жоқ. Белгілісі 2-ден 6 пайызға дейінгі аралықта жыл сайын табыс алып келетін көрінеді. Қордағы қаражат аталған елдерден өзге де мемлекеттерге инвестицияланып келеді. Өткен жылдың қараша айынан бері қордағы қаржы Бразилия, Ресей, Мексика, Чили, Перу, Польша, Индонезия және Филиппин мемлекеттеріне де құйылған. Бұл зейнетақы қоры портфелінің 7,39%- ы. Немесе 611 млрд теңге.

Қадыржан Забих, «БЖЗҚ» АҚ бұқарамен байланыс департаментінің директоры:

Инвестиция жасалатын кәсіпорындар мемлекеттік өз саласында олардың қаржылық жағдайы тұрақты болады. Сол несие жағынан тәуекелге баруы бәрі ескеріледі. Ол жағынан барынша жақсы қорғалған.  Бұның бәрі олардың несиелік тәуекелділігін төмендетеді. 2018-ші жылдан бастап Ұлттық банк осы саясатты жүргізуді көздеп отыр.