$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сауд Арабиясы ОПЕК мұнай өндірісін 600-800 мың баррельге ұлғайтуды ұсынды

AstanaTV
21.06.2018ж. 20:00
2886
Сауд Арабиясы ОПЕК мұнай өндірісін 600-800 мың баррельге ұлғайтуды ұсынды

Сауд Арабиясы ОПЕК келісіміне қатысушылардың ұжымдық мұнай өндірісін 600-800 мың баррельге дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл туралы сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Financial Times хабарлады. Онда шикізат көлемі барлық елге бөлінбек.

Иран бұл мәлімдемеге дереу жауап қатты. Мұнай министрі Джаббар аль-Лаиби қазіргі өндіріс көлемін жыл соңына дейін сақтау қажет деп отыр. Әзірге ОПЕК Эр-Рияд ұсынысына жауап қатпады. Соған қарағанда, бұл мәселе Ресей мен Қазақстан да қатысатын ұйым мүшелерінің жиынында талқыланбақ. Ол 23 маусымда Венада өтеді. Оған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та қатыспақ. Ол Қазақстан өз позициясын ұсынатынын айтқан болатын. Ал қазақстандық экономист Сергей Смирнов мұнай көлемі ұлғайтылса, бағаның құлдырауына әкеледі деп болжайды.

Сергей Смирнов, экономист:

Егер өнідіріске квотаны ұлғайту туралы шешім қабылданатын болса, сөзсіз бағаның төмендеуіне әкеледі. Ал егер келісімді бұрынғыдай қалдырса, қазіргі тепе-теңдік сақталуы мүмкін. Баррельіне 70-80 доллар дейік. Саяси тәуекелдер әсер етеді. Таяу Шығыстағы жағдай тағы да ушығуы мүмкін. Ол әлімдік котировкаға қатты әсер етіп отыр. Бұл кезде әдетте қандай шешім қабылданғанына байланысты алып-сатарлық өсім болуы мүмкін немесе қара алтын құны құлдырайды.