Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Саясаттанушылар Түркістан облысы туралы пікір білдірді

AstanaTV
21.06.2018ж. 20:00
4394
Саясаттанушылар Түркістан облысы туралы пікір білдірді

Түркістанды облыс орталығына айналдыру 90-шы жылдардан бері көтеріліп, бүгін пісіп-жетілді. Шекара маңы ынтымықастатығы қауымдастығының өкілі Марат Шибұтов осылай деп отыр. Саясаттанушы президенттің шешімі аймақ халқының мүддесін ескеріп, дамуға жол сілтеуі деп санайды. Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары бұл шешімнің аймақ үшін өте маңызды екенін айтты.  

Марат Шибұтов, шекара маңы ынтымақтастығы қауымдастығының өкілі

Біз Көкшетау және Талдықорған қалаларының тәжірибесін ескерсек, бұл оң шешім дер едім. Себебі елеусіз қалған осы екі қалаға облыс орталықтары көшірілген соң, қалаға жан біткенін білеміз. Ал Түркістанның ерекшелігі - туризммен-ақ қаланы дамытуға мол мүмкіндік бар. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен өзге де әулиелердің жатқан жері бұл. Инфрақұрылым мен қонақ үйлер желісін дамытатын болса, президенттің жүктеп отырған міндеттерін екі есеге артық орындауға мүмкіндік бар.

Мәдина Нұрғалиева, ҚР Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

Шымкент онсыз да жақсы дамып келе жатқан қала, ал бұл шешім шаһардың өркендеуіне тағы да мол мүмкіндік береді. Тек алдын ала ұйымдастыру жұмыстары сауатты жүргізілуі керек деп ойлаймын. Әкімдік, прокуратура, сот сияқты негізгі мекемелер қаладан көшіріледі. Соны мобильді түрде жүргізсе, әрі кадр таңдауда білікті мамандар таңдалса, ауыртпашылық болмауы тиіс.