Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейте түспек

AstanaTV
21.06.2018ж. 20:00
3678
"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейте түспек

"Нұр Отан"  партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейте түспек. Осыған орай, бүгін «Нұр Отан» партиясы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар партиялық жобаларды қолға алды. Соның аясында арнайы онлайн-қызметте аукциондар, жердің бастапқы бағалары туралы барлық ақпарат ашық түрде жарияланатын болады. Мәулен Әшімбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әркім өзінен бастау қажет деді.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Енді біз партия мүшелерінің санына емес, сапасына көп көңіл бөлетін боламыз. Қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, қызметін өзінің жеке мақсатына пайдаланғысы келетін адамдарға партияда орын жоқ. Егер біз жемқорлықпен күреске белсене қатысқымыз келсе, алдымен өз қатарымыздың тазалығын қамтамасыз етіп алуымыз керек.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев халыққа осындай бұзушылық фактілері болған жағдайда, партияға хабарласуын сұрады. Келіп түскен күрделі істер меморандумға сәйкес жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберілетін болады.

Алик Шпекбаев,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Сыбайлас жемқорлық тек қана мемлекеттің мәселесі емес, ол азаматтың, қоғамның мәселесі деп айтуыға болады. Сондықтан партия, өзінің үлесін сіздердің қазір ұсыныстарын айтқан, менің ойымша, үлкен өзінің серпінін береді деп, мен оған сенемін. Соның өзінде де бірталай шараларды бірге өткізіп жатырмыз. Оның да нәтижесі бар.