Елге келетін тауар импортын азайту қажет. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаевтың айтуынша, шетелдік тауарға тәуелді болмас үшін, әсіресе, жеңіл өнеркәсіп тауарларын елде шығаруға мүмкіндік жасау қажет. Ол үшін шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға жол ашу көзделген. Осыған байланысты партия отырысында "Қазақстанда жасалған" ұлттық брендін халыққа барынша насихаттап, дүниежүзілік банктің қолдауымен отандық жобаларды дамыту жолдары қарастырылды. Қазір елде индустриалды-инновациялық бағдарламамен мыңнан аса жоба іске қосылып, 100 мыңнан аса жұмыс орны ашылған.
Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Біздің өндіріс саласындағы саясат жөнінде заңдар керек деп ойлаймыз. Өйткені біздің мемлекетіміздің ары қарай дамуы үшін, өндіріс өте кеңінен алатын болсақ, қандай отрасльдары бізге керек, біздің экономикамызға маңызды. Болашақта бүгінгі күн емес, ертеңгі күні, 5-10 жылда алдымыздағы, соның бәрін жоспарлап көптеген индустриалды жеңіл өндірісте көптеген импорт сонда болып жатыр.