Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызмет көрсетуші компаниялар тарифтерді өсірмес бұрын инвестициялық бағдарлама жасауы тиіс - С.Жұманғарин

AstanaTV
21.06.2018ж. 20:00
2738
Қызмет көрсетуші компаниялар тарифтерді өсірмес бұрын инвестициялық бағдарлама жасауы тиіс - С.Жұманғарин

Халыққа қызмет көрсетіп отырған монополиялық субъектілер, ұзақмерзімді тарифтерді белгілемес бұрын, инвестициялық бағдарлама жасауы тиіс. Бұл тозығы жеткен жүйелер мен желілерді жаңартуға ықпал етеді. Десе де бұл жаңашылдық тарифтердің қымбаттауына әкеледі.

Бүгін мәжілісте өткен «Табиғи монополияларды және тарифтерді белгілеуді жетілдіру» атты дөңгелек үстелде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин осылай деді. Оның сөзінше бүгінде су, жылу, электр энергиясымен жабдықтау сынды инфрақұрылымдар әбден тозған. Кей өңірлерде ол 90-100 пайызды құрайды. Сәйкесінше, тұтынушы сапалы қызмет көре алмай келеді. Сондықтан ұзақмерзімді тарифтерді белгілеуде тұтынушылар о баста белгіленген инвестициялық бағдарлама, яғни уәде етілген жөндеу жұмыстарының толық орындалуын талап ете алады. Ал бағдарламаны орындамау қызмет көрсетуші компанияға тиімсіз. Сондықтан олар өз абыройы үшін сапалы қызмет көрсетуге тырыспақ. 

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Тарифтердің бағасы өсіп жатыр. Тұрғындар айтады, оның өскенінен не пайда, біз қазірдің өзінде кей өңірлерде сапасы мен сенімділігі жоқ деп.  Әр субъект өз сенімділігін, тиімділігін көрсетуі керек. Олар инвестициялық бағдарлама жасап, бірақ орындамаса, тарифті біздер түсіреміз.