Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АҚШ БҰҰ - ң Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамынан шығатынын мәлімдеді.

AstanaTV
23.06.2018ж. 20:45
2005
АҚШ БҰҰ - ң Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамынан шығатынын мәлімдеді.

АҚШ БҰҰ-ң Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамынан шығатыны туралы мәлімдеді. «Әйткенмен АҚШ адам құқығы саласындағы міндеттемелерінен бас тартпайды», - деген АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли. Аталған кеңестен неге шығатындарын баяндағанда, әлемде адам құқықтары қорғалмайтын елдердің бірі - Конгоның осы кеңестің құрамына қабылданғанын мысалға келтірген.Бұған қоса Венесуэла, Куба мен Қытай тәрізді елдерде де адам құқықтарын сақталмайды,бірақ олар да кеңеске мүше, деген. Және бір мән беретіні, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Израильдің Палестинаға байланысты агрессиясын айыптайтын мәлімдемелерін де АҚШ «дұрыс емес» деп санайды. Сонымен бірге АҚШ кеңестен шығу туралы шешімді БҰҰ -ы Вашингтонды ел аумағында ұсталған заңсыз мигранттардың отбасы мүшелерін бір-бірінен, дәлірегі - ата-аналарды балаларынан ажырату саясатын тоқтатуға шақырған тұста жариялады. БҰҰ дерегінше, АҚШ 5-мамырдан бері 2300 баланы ата-анасынан ажыратқан. Сым темір тартылған қоршауларда қанша бала әке-шешесін іздеп, шырқыраған... Қоғамдық пікір күш ғой, қоғамның қысымынан кейін ғана Д.Трамп апта ортасында ол жарлығының күшін жойды. www.bbc.com –ң жазуынша, Құрама Штаттардың иммиграциялық қызметі тұтқыннан босаған заңсыз мигранттар баласын бауырына қысуы үшін арнайы телефон желісін де ұйымдастырған. Алайда осы қызметтің бұрынғы басшысы кейбір жағдайда кей отбасы мүшелерінің бір-бірімен мәңгіге ажырап кеткенін айтқан...