Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Кристиан Диор мен Ив Сен Лоранның музасы – қазақ қызы Алла Ильчун жайлы.

AstanaTV
23.06.2018ж. 20:45
3105
Кристиан Диор мен Ив Сен Лоранның музасы – қазақ қызы Алла Ильчун жайлы.

Ал енді Әбілхан Қастеев атындағы Алматыдағы өнер музейінде көпшіліктің назарына жалғыз ғана картинадан тұратын көрме ұсынылды. Оны бейнелеу өнерін бағалай білетін жұртшылыққа жеткізген Берлин Иришев есімді Парижде тұратын қазақ азаматы. Экономист-ғалым өзінің жеке коллекциясына сатып алған картинаны елдің адамдары да көрсін деп жеткізіп отыр. 50-ші жылдары Леон Цейтлин атты суретшінің салған картинасында тегі қазақ Алла Ильчун бейнеленген. Алла өз заманында Кристиан Диордың сүйікті моделі, музасы болған. 2-3 жыл емес, 20 жыл!  «Көздің жоғарғы жағын сызықпен бояуды сәнге айналдырған - Алла», дейді сол әлемнің білгірлері. Иә, Алла 20-ғасырдың сән тарихында қалған әйел. Ал оның 2-дүниежүзілік соғыс кезінде француздың Қарсылық қозғалысының құрамында фашистермен күрескені қандай адам болғанын көрсетсе керек.   

Алланың әкесі Жуанхан Ильчун, негізі Елшін болса керек, Алматыда тұрған ауқатты кісінің ұлы болған. Темір жол ісі бойынша оқыған. Кейін Ресей империясына бағынған қытайдың Харбин қаласына іссапарға жіберілген. Сол жерде Татьяна есімді опера әншісіне үйленеді. Қызы Алла дүниеге келеді. Ал Харбинде қытай өкіметі орнағасын, Парижге эмиграциялайды. 

Соғыстан кейін Алла мейрамханаға ыдыс жуушы болып орналасады. Кристиан Диор да ол кезде соншалықты табысты болмайды. Ісі Алланы жұмысқа алғаннан кейін оңға баса бастайды. Әйгілі сәнгер өзінің жұлдызының жануын Алламен байланыстырады. Кристиан Диор қайтыс болғаннан кейін Алламен 10 жыл жұмыс істеген тағы бір ірі сәнгер Ив Сен Лоран да солай ойлаған дейді, тағы да сол әлемнің шежірешілері.

Алла 50-жылдары Еуропаның эстрада және кино жұлдыздарына қалай киінуді көрсеткен. Оның кешке киіп шыққан көйлегі таңертең Марлен Дитрих, Эдит Пиаф секілді сұлуларға жөнелтілген. Алла поляк фотографы Майк де Дюльменге күйеуге шыққан, екі баласы болған... Қилы кезеңді бастан өткеріп, сынып кетпеген, керісінше, бір саланың жұлдызы болған әйелдің өмірі расында, қызық. Картина музейде бір ай тұрады.

Берлин Иришев, экономист – ғалым:

Осы картина бізде болсын, халық көрсін. Адамдар уақытында қандай қиын жағдай болса да, барып Францияда өздерін сынап, сондай бағада болғанын. Бізде осындай қиын жағдайда болса да алға жүруіміз керек. Қиын жағдайға барды. Сол қиын жағдайда жол тауып, осындай деңгейге көтерілді. Өмірде оңай жол жоқ. Сол жолда әр адам өзін сынға салып, жоғары биікке шығатын жағдайда болу керек. Бұл енді біздің халқымыздың тарихының бір шеті ғой... Алла ресторанда қызмет етеді. Кәдімгі жуу, тазарту жағында. Содан кейін бір күні көзіне түседі, Кристиан Диордың. Сол Кристиан Диордың өмірден кеткенше жанында бірге болған. Сонда жалпы мерзімі 20 жыл үлкен моданың ең басты бір жұлдызы болып тұрған адам...Францияға «аға», «көке», «ағашкалар» бар деп барған жоқ. Қиын жағдайға барды. Сол қиын жағдайда жол тауып, жоғары деңгейге көтерілді.