Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Түрксібтің құрылысы аяқталғанына 88 жыл. Т.Рысқұлов, М.Тынышпаевтай азаматтардың ұстанымы...

AstanaTV
23.06.2018ж. 20:45
11517
Түрксібтің құрылысы аяқталғанына 88 жыл. Т.Рысқұлов, М.Тынышпаевтай азаматтардың ұстанымы...

Темір жол демекші, осыдан 88 жыл бұрын Түрксібтің құрылысы аяқталғаны мәлім. Жоспарлаған уақыттан бір жыл бұрын, 1930 жылы аяқталып, 1931 жылдың 1-қаңтарынан тұрақты пайданалуға берілді. Темір жол Орталық Азия, Қазақстан мен Сібірді өзара байланыстырып, халық шаруашылығының, яғни экономиканың дамуына орасан зор ықпал еткен құрылыс. Түркістан - Сібір Темір Жол торабын Луговая бекеті мен Семей қаласы аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан - Семейден 1927 ж. көктемде, ал оңтүстікте сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді. Және Алаштың ардақты ұлы, инженер Мұхамеджан Тынышпаевтың еңбегін айрықша атау керек. Жетісу теміржолын 1917 жылға дейін де салуға қатысқан Петербург жол қатынасы инженерлері институтының түлегі, Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша бұрынғы комиссары және Қоқан автономиясы үкіметінің басшысы болған Мұхамеджан Тынышбаев білікті маман етін. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев қазақтарды тартып, оларды оқытып, темір жол маманы етіп дайындауға ерекше көңіл бөлді. Олардың ұсынысы бойынша жұмысшы күшін Қазақстаннан тысқары жерлерден әкелуге шектеулер қойылды. Міне, осы тарихи деректер темір жолда, темір жол ғана емес, барлық салада ұлт мүддесі дегенге келтіретін параллельдер... 

Мынау, дәл осы темір жол құрылысында жер қазған, кейін атақты суретші болған Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб» картинасы!  Туған жерге үлкен жаңалық әкелген темір жолдың құрылысын күрекпен бастап, бейнелеп айтқанда, қылқаламмен аяқтап шыққаны ғажап дүние. Әбілхан Қастеев өзінің «Түрксіб» картинасы арқылы шойынжол бойындағы мәңгілік қозғалысты мәңгілік ескерткішке айналдырды, деп сипатталыпты, «Түрксіб» туралы «Егемен Қазақстан» басылымындағы материалда.