Компьютер ойындарына тәуелділік ресми түрде "ауру" деп танылды. Оларға психологтың кеңесі жеткіліксіз, дәрігерлерден ем алуы тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық аурулар класификациясына осындай тарау енгізіп отыр. Жүздеген мың отандасымыз компьютерлік ойындармен әуестенетін көрінеді. Оған букмекерлік кеңселердің есігін тоздырып, ұтыс тігетіндерді қоссаңыз, құмар ойыншылар саны еселене түседі.
Дастан Оразалы техникалық университетте білім алған. Бірақ мамандығы бойынша емес, өзі әуестенетін «Дота» компьютерлік ойындарының арқасында ақша табамын дейді. Кибер спортпен айналысатын команда мүшесі таңдаулы геймерлер қатарынан көрінгісі келеді.
Дастан Оразалы, геймер:
Аптасына бір рет, екі рет компьютер клубтарына барып ойнайтынмын. Көп ойнаған соң шеберлене бердім. Осындай турнирлерге қатысып көрейін дедім, көбірек ойнай бастадым. Екі ай бұрын осы командаға шақырды. Жақында турнирлерге қатысамыз.
Бұдан былай күні-түні ойын залынан шықпайтын, немесе ұтыс тігетін адамдар медицина мамандарына жүгініп, диагнозын анықтайды. ДДС ұйымының каталогында ол «өлімге соқтыратын ауру» деп көрсетілмек.
Компьютер ойнайтын жігіттерді қарасаң, олар бәрін білетін сияқты. Эрудированный дейді ғой. Бірақ оның терең миы жоқ, терең ойлай алмайды олар. Аналитикалық терең ойлау жоқ, сырттай эрудиялық көзбояушылық бар. Оларды ертең жауапкершілік, отбасы, жұмыс күтіп тұр. Ондай адамдар одан қашады.
Өздерін «геймер» деп атайтын компьютерлік ойынға құмартушылар арасында сайыс өткізу де сәнге айналған. Бәске қомақты қаражат тігіледі. Танымал жоғарғы оқу орындарының бірі биыл осындай жарысты 4-ші рет өткізді.
Әлішер Дүйсеков, кибер сайыстарды ұйымдастырушы:
Компьютерлік ойынмен әуестенетіндердің нақты санын айта алмаймын. Статистикалық мәліметтер платформасынан байқағаным, Қазақстанда жүз мыңдаған адам ойнайды. Аудитория өте үлкен, сондықтан біз сайыстар өткіземіз
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының осымен 11-ше рет басылып шыққан жинағында ойынқұмарларды емдеудің әдістемелері
жазылған. Ал оны тиімді емдеудің нақты жолдарын әлем дәрігерлері келесі жылы
мамырда өтетін халықаралық конференцияда талқылайды. Арнайы қарар қабылданып,
«ойынқұмарлық» медициналық диагноз ретінде ресми тіркелмек.
Компьютерлік
ойындарға тәуелділік пен оның салдары туралы ертең, сенбі күні сағат кешкі 20.00-де, "Біздің уақыт" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында жан-жақты айтылатын болады. Өткізіп алмаңыздар.
Ришат
Асқарбекұлы