Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Көршінің кесірінен оралдық төрт отбасы бір жылдан бері сусыз отыр

AstanaTV
22.06.2018ж. 20:00
2281
Көршінің кесірінен оралдық төрт отбасы бір жылдан бері сусыз отыр

Оралда бір тұрғынның кесірінен көп қабатты үйдегі төрт пәтер бір жылдан бері сусыз отыр. Жалғызбасты азамат пәтеріндегі істен шыққан су құбырын жөндемеген. Көршілерінің «өзіміз жөндетіп берейік» дегеніне көнбей, бір жылдан бері есік ашпаған. Бұл дауға Алексей Хиловты кінәлі санаған сот, оған құбырды жөндеуді міндеттейді. Бірақ ол құлақ аспады. Екі апта күтіп шаршаған тұрғындар сот орындаушыларымен бірге бүгін есікті сындырып кірді.

Елена Каширская, Орал қаласының тұрғыны:

Балаларды уақытылы жуындыра алмай қиналамыз. Үкіметтен алатын жәрдемақыны суға жұмсаймыз. Көршім бір жылдан бері тығылып жүр. Жөндеп сөйлеспейді. Болмағасын сотқа бердік.

Амалы таусылған тұрғындар ыстық суды суытып, пайдаланып келген. Бірақ қалада жылу мекемесі газдан ажыратылғалы бері ыстық су да жоқ. Қазір ауыз суды сатып алып, тасып ішеді. Суға күніне кемінде екі-үш мың теңге жұмсаймыз деді.

Әділ Сюнтиев, жеке сот орындаушы:

Бұл азаматпен телефон арқылы бірнеше рет сөйлестік, бірақ сылтауы таусылмады. Қазір материал сотқа жолданды. Сот міндеттемесін екі апта бойы орындамағаны үшін, бұл азаматтан күніне 5 АЕК көлемінде ақша өндіріледіШамамен 168 мың теңге.