Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ресейде футболдан ӘЧ бойынша топтық кезеңнің соңғы ойындары өтіп жатыр

AstanaTV
25.06.2018ж. 20:00
3081
Ресейде футболдан ӘЧ бойынша топтық кезеңнің соңғы ойындары өтіп жатыр

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойындар өтіп жатыр. «А» тобында үздік шығу үшін Ресей мен Уругвай құрамасы додаға түскен, екеуі де 6 ұпаймен плей-офф кезеңіне өтіп тұр.

Ал, екінші алаңда Сауд Арабиясы мен Мысыр құрамасы кездесу өткізді. Ал, «В» тобында 1/8  кезеңінен Испания мен Португалиядан өзге Иран құрамасы да үміткер. Иран жанкүйерлері бүгін Португалияның сұр мергені Криштиану Рональду орналасқан  қонақүйдің алдына келіп, айғай шуға басты. Ал ұйқысы қашып мазасы кеткен Рональдудың бұл халі ойынға қалай әсер ететіні бүгін белгілі болады. Өткен ойында Польша құрамасы Колумбиядан 3:0 есебімен ұтылды. Осы топтағы Жапония Сенегалмен 2:2 есебінде тең дәрежені сақтап қалды. Ал, ағылшын құрамасы Панаманы 6:1 есебімен тас талқан етіп жеңді.