$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қырғызстандағы сібір жарасы Қазақстанға қауіп туғызбайды - АШМ

AstanaTV
27.06.2018ж. 20:00
2821
Қырғызстандағы сібір жарасы Қазақстанға қауіп туғызбайды - АШМ

Қырғызстанда бас көтерген сібір жарасы індеті Қазақстанға қауіп туғызбайды. Бұл туралы АШМ қарасты ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы айтты.  Аталған минстрлік көрші елдегі жағдайды толық зерттеп жатқан көрінеді. Әзірге ешқандай шара қолдану жоспарда жоқ. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 25 маусымда ірі қара малды сойған Базар-Қорған ауданының тұрғыны дәрігер көмегіне жүгінген. Соңынан ол сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Қазір онымен қарым-қатынаста болған 11 адам емдеу мекемесінде жатыр.

Арман Өтеғұлов, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:

Қырғыз елінен Қазақстанға тірі мал келмейді. Жануарлар қарым-қатынасы жоқ. Өнімдері кейбірі кіретін болады. Сондықтан бізде қазір сол шекарада қалай жұмыс істеп келе жатты, солай жұмыс істеп  жатыр. Бір басқа кіргізбеу, басқа-басқа тосқауылдар қойылған жоқ.