Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Еңбек заңнамасын бұзған шетелдік елден шығарылады

AstanaTV
27.06.2018ж. 20:00
2484
Еңбек заңнамасын бұзған шетелдік елден шығарылады

Еңбек туралы заң талаптарын бұзған шетелдік елден шығарылады. Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының қызметкерлер бойынша директоры Анна Адом өз еліне аттануы керек. Беларусь Республикасының азаматына қатысты Теміртау қалалық соты осындай шешім шығарды.

Гүлбаршын Жітікова,  Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы: 

Сот шешімі 10 күннің ішінде орындалуы тиіс. Теміртау қалалық соты бұдан бұрын 8- інші ақпанда Анна Адомды Қазақстанның еңбек заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқан болатын.

Анна Адомға қатысты іс былтыр басталған. Ол компанияға қарасты «Өркен» серіктестігінің директоры Юрий Паламарьды жұмыстан шығарады. Паламарь  сотқа шағымданған. Адом кінәлі деп танылып, сот оны 80 күнге қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарады. Бірақ, істің ұзаққа созылып ескіруіне байланысты жазадан құтылып кеткен. Енді сот тағы шешім шығарды, бұл қайта қарауға жатпайды. Анна Адомның тек Жоғарғы сотқа ғана арыздануға құқы бар, - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы.