Негізгі / Жаңалықтар / Жамбыл облысында пойыздың аударылуына жолдың сапасы себеп болуы мүмкін - Ж.Қасымбек

Жамбыл облысында пойыздың аударылуына жолдың сапасы себеп болуы мүмкін - Ж.Қасымбек

Жамбыл облысында пойыздың аударылуына жолдың сапасы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Министр апатты тексеріп жатқан комиссияның көктемгі жөндеу мен жолдың күнделікті бақылау жұмыстарына қатысты сұрағы бар деп отыр. Ал қарсы келе жатқан жүк пойызымен соқтықысты деген пікірді комиссия бірден жоққа шығарған.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Қыстан кейін сол күндері түнгі температура, күндізгі температура қатты өзгерді. Сондықтан осындай мәселелер бар. Сосын тексерген комиссияға, бұрын тексерген комиссияға сұрақ бар. Енді біздің комиссия жұмыстарын 2-3 аптада бітіреді. Нақты мәліметті береміз. Қазір қосымша ештеңе айта алмаймын. Ол 10 шақты жылдар істеп жүрген жол ғой. Жыл сайын жөндеуден өтеді. 

Естеріңізге сала кетсек, маусым айының 17-де Жамбыл облысының Шу станциясы аумағында Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар пойызы аударылып, 12 жастағы бала қаза тапты. Тағы 25 адам зардап шекті. Оқиғаның тексерілу барысын Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің жеке бақылауына алды.