Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррель деңгейінде сақтап қалады

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
2018
Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррель деңгейінде сақтап қалады

ОПЕК және ОПЕК-ке мүше емес елдер келісімі бойынша Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррель деңгейінде сақтап қалады. Бұл туралы Венада өткен халықаралық деңгейдегі кездесуге барып қайтқан Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет қабырғасында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейінгі келісілген күнделікті шектеу деңгейі 1,8 млн баррель болған. Қашаған өндірісі де сақталады. Бізге ОПЕК тарапынан тағылған кінәрат жоқ,  деді министр. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Ол келісім негізінде жалпы мұнайдың өндіретін көлемі 1 млн баррельге күніне жоғары болады, бүкіл дүниежүзінде. Жалпы шектеу мұнайдың өндірісін шеуктеуі жалпы 1,8 млн баррель деңгейінде сақталатын болады.

Қанат Бозымбаев ал бұған дейінгі ОПЕК келісімінен соң, шектеу артығымен кетіп қалғанын айтты. Яғни Мексика мен Венесуэлада қара алтын өндірісі құлдырап, жалпы шектеу 2,8 млн баррельге жетті. Ал бұл әлемдік мұнай шикізатының тапшылығын тудыру қаупін туындатты. Мұны ескерген ОПЕК әлемдік өндірісті көбейтіп, шектеуді 1,8 млн баррель деңгейінде сақтау келісіміне қол қойды, деп атап өтті энергетика министрі.