Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда 200-ге тарта мекеме террорлық шабуылға төтеп бере алмайтыны анықталды

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
2498
Қызылжарда 200-ге тарта мекеме террорлық шабуылға төтеп бере алмайтыны анықталды

Қызылжарда 200-ге тарта мекеме террорлық шабуылға дайын емес. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаменті хабарлады. Полицейлер мектеп, аурухана мен сауда орындарында рейд шараларын өткізген. Олар жыл басынан бастап тізімге енген 300 мекемені тексеріп, оның жартысынан астамынан олқылықтар тапқан.

Ал террористік шабуыл тұрғысынан мүлде осал болып саналатын 13 кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, халық көп шоғырланған ғимараттар экстремисттік актілерге кез-келген уақытта дайын болуы тиіс. Мәселен, нысанның жан-жағынан темір қоршауларды орнатқан жөн. Ал іші бейнекамералар мен эвакуациялық белгілермен жабдықталуы керек. Айта кету керек, полицейлер қоғамдық орындардың шабуылдарға әзірлігін сынауды 2016 жылы қолға алған. Былтыр 650-ге жуық нысан тексеріліп, 400-ден астам хаттама толытырылған.

Спартак Қабденов, СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары:

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 700-ге жуық террористік тұрғыда осал объектілер орналасқан. Жыл басынан бері олардың 300-ге жуығы тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 187 ескерту хаттары берілді. Оның ішінде 13 объектінің басшылығы әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлға тартылды. Айыппұл көлемі 100-500 АЕК-ке дейін қарастырылған.