Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ғабидолла Әбдірахымов халықтың тұрмыс деңгейі мен жалақысын өсіруге уәде берді

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
2555
Ғабидолла Әбдірахымов халықтың тұрмыс деңгейі мен жалақысын өсіруге уәде берді

Шымкент қаласының жаңа әкімі халықтың тұрмыс деңгейі мен жалақысын өсіруге уәде берді. Үкімет қабырғасында журналистердің сұрақтарына жауап берген Ғабидолла Әбдірахымов әкім креслосына қайта жайғасқанына қуанғанын жасырмады. Оның айтуынша, шымкенттіктер жұмыс орындарының артуы, жалақы деңгейінің өсуі, білім беру, денсаулық сақтау, көгалдандыру сынды өзге де бағыттардың сапасынан жақсылық күтіп отыр. Және тұрғындар оны сезіну үшін тырысатын боламыз деп уәде берді. Алда әлі Түркістан облысымен бюджетті бөлісу мәселесі тұрғанын да айтып өтті. Шымкентті бұған дейін басқарған кезде велосипед, автобуспен жүріп ел есінде қалған шенеунік тағы да велосипед пен қоғамдық көлікке отырасыз ба деген сұраққа да жауап берді.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

Көресіздер өздеріңіз. Ол автобуспен жүрген мәселе журналистер алдында көріну емес, мәселені терең көріп, орынбасарлар да көрсін деп, бұл мәселені шешу үшін жасалған нәрсе. Енді қазір ең бірінші бастама - халық сұрап жатқан көлік мәселесі, қоғамдық көлік, соны біз шешуіміз керек.

Ал премьер-министр Үкіметтің селекторлық отырысында өңірде тағайындалған екі әкімнің қызметіне сәттілік тіледі.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Біз Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты Түркістан облысының әкімі және Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымовты Шымкент қаласының әкімі болып тағайындауларымен құтықтаймыз. Сіздердің алдарыңызда тұрған жұмыстың ауқымы үлкен. Сол себептен сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.