Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Германиядағы полярлық аюлар алдағы ойында қос команда арасында кім жеңетінін біле алмады

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
5018
Германиядағы полярлық аюлар алдағы ойында қос команда арасында кім жеңетінін біле алмады

Ал дәл осы әлем чемпионатында Оңтүстік Корея мен Германия арасындағы ойын тең есеппен аяқталуы мүмкін. Мұндай болжамды Германияның Гельзенк Ирхен қаласының зообағының аюлары жасаған. Лара және Нанук есімді аюлардың осыған дейінгі болжамы бірнеше рет орындалыпты. Аюлардың алдына тамақ салынған қос қорап қойылады. Онда кездесетін қос құраманың туы бейнеленген. Аюларға таңдау еркі берілген. Алайда, көп ойланған хайуандар қос қораптағы тамақты да жеп қойыпты. Ал, зообақ мамандары бұл қалайда «тең нәтиже» деген сөз деп жорып отыр. Естеріңізге салсақ, қос құрама арасындағы ойын ертең өтеді.

Хендрик Берендсон, зообақ қызметкері:

Бірден басып айту қиын, әрине. Бұл нағыз күрес болғанын көрдіңіздер, аюлар кәдімгі келісіп, бір байламға келгендей болды. Сондықтан мен де тең ойын болатын шығар деп ойлап отырмын.