Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Футболдан ӘЧ -да 1\8 финалда ойнайтын алғашқы командалар анықталды

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
2394
Футболдан ӘЧ -да 1\8 финалда ойнайтын алғашқы командалар анықталды

Енді Ресейде Футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатына тоқталсақ. Кеше 1/8 финалында ойнайтын алғашқы командалар мәлім болды. Плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын мундиаль қожайындары кеше ғана Марокко құрамасымен тең түскен Испанияға қарсы ойнайды. Испания Мароккомен тең түсу үшін тер төгуіне тура келді. Таразы басы тек берілген қосымша уақытта теңесті.

Теңбіл допта тең түскен тағы бір құрама бар. Ол Португалия мен Иран арасындағы кездесу. Иран қақпашысы Португалияның жұлдызы Криштиану Роналдудың 11 метрден тепкен айып добының бетін қайтарып, ойынның басты қаһарманына айналып шыға келді. Ал, Ресей құрамасы Уругвайдан 3:0 есебімен ұтылып қалды. Десе де плей-оффке өткен ресейліктер енді 1-ші шілдеде Испания құрамасына қарсы ойнайтын болады. Ойын Мәскеуде өтеді деп жоспарланған.