Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Биыл Астанада 20 мыңдай жаңа жұмыс орыны ашылады

AstanaTV
28.06.2018ж. 20:00
1545
Биыл Астанада 20 мыңдай жаңа жұмыс орыны ашылады

Биыл Астанада 20 мыңдай жаңа жұмыс орыны ашылады. Екі жарым мың мекеме оларды жұмысқа қабылдамақ.

Олжас Омар, Астана қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

Әр түрлі мамандықтарға. Ол білім саласында, денсаулық саласында, жеке кәсіпкерлер саласында. Ол әр түрлі қызмет көрсету. Көбісі қызмет көрсету саласында көбісі.  Мысалы, сатушылар, аспаздар, жалпы администраторлар, бухгалтерлер және әртүрлі саласында.

Жыл басынан бері орталыққа 11 мың адам екі қолға бір күрек іздеп келген. Бір қызығы, олардың көбісі елордада тіркелмеген. Бірақ сонда да соңғы жарты жыл ішінде үш мыңға тарта адамға жұмыс табылған. Айта кетейік, қазіргі кезде жұмыс іздеушілер үйден шықпай-ақ enbek.kz сайтына тіркеліп, өзіне лайық бос орындарын қарай алады.