Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясында қант диабетіне шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді

AstanaTV
28.06.2018ж. 20:00
1882
«Нұр Отан» партиясында қант диабетіне шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді

Бүгін «Нұр Отан» партиясында қант диабетіне шалдыққан  балаларды дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Бұған дейін Мемлекет басшысы елдегі 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерді медициналық қызметпен толық қамтамасыз ету қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда комиссияның кезектен тыс отырысында партиялық куратор Зәуреш Аманжолова балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа тәсілдерді енгізуді ұсынды. Жиында Фармация комитетінің төрағасы, қазіргі таңда диабет науқастары үшін дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін баяндады. Оның айтуынша, медициналық ұйымдар үшін дәрілер кез-келген уақытта қолжетімді. Препараттар жетіспеген жағдайда  «СҚ-Фармация» қоймаларында қажетті көлемде сақталғанын хабарлады.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Денсаулық сақтау министрлігі, қант диабетін әлеуметтік маңызы бар сырқаттар қатарынан алып тастау мәселесін қарастырып отыр. Өзіміздің тарапымыздан қант диабетін бұл сырқаттар қатарынан алып тастамау туралы пікірімізді білдірдік. Себебі науқастың жағдайы ушығып кетуі мүмкін.  Бұл елімізде ғана емес, дүниежүзі бойынша ауқымды мәселе. Халықтың 30 пайызы қант диабетіне шалдыққан.