$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батыс Қазақстан облысында «Алтын ханшайымға» кесене салынып жатыр

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
6198
Батыс Қазақстан облысында «Алтын ханшайымға» кесене салынып жатыр

Батыс Қазақстан облысында «Алтын ханшайымға» кесене салынып жатыр. Осыдан алты жыл бұрын оралдық археологтар облыстың Теректі ауданынан «Алтын адамды» тапқан еді. «Тақсай» кешеніндегі қазба жұмыстары кезінде табылған сүйектің ежелгі сармат кезеңіне тиесілі екені мәлім болды. Қорымнан табылған алтын әшекейлердің салмағы 3 келіге жуықтайды. Ғалымдар бұл қабірдің өңірдегі осыған дейін зерттелген обалардың ең көнесі екендігін анықтады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қолға алынған кесенені салуға жергілікті меценаттар 8 миллион теңге бөліпті. Ал қайта қалпына келтірілген "Алтын ханшайым" экспозициясы Оралдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тұр.

Мирхат Ибраев, БҚО Теректі ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы:

Ол біздің мақтанышымыз «Алтын ханшайым». Яғни мұндай алтын ханшайым Қазақстан бойынша жетеу болса, соның бірі біздің ауданымызда. Және де бұдан бөлек біздің Батыс Қазақстан облысының туризмін дамытуға жасалып жатқан шаралар.

Мамандар Тақсай кешенінің әлі зерттелерін айтады. Өйткені құпиясын қойнына бүккен өлкеден талай құнды жәдігер табыларына шүбә келтірмейді. Бұл туралы толығырақ ертең, кешкі сағат 20.30-да, «Біздің Уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.