Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы жарияланды

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2130
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы жарияланды

Елде Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Биыл емтиханды 98 мыңға жуық талапкер тапсырды. Биыл тұңғыш рет мектеп бітірушілерге ағылшын тілінде тест тапсыруға мүмкіндік берілген. 

Рамазан Әлімқұлов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Биыл өздеріңіз білесіздер, бірінші рет ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіншілік бар. Негізі ағылшын тілі 46 өтініштің ішінде 28 кісі Ұлттық бірыңғай тестілеуге кірді ағылшын тілінде. Соның ішінде 5 Астанадан, 7 кісі Атыраудан, 6 кісі Шымкенттен және басқа қалалардан да. 

Сондай-ақ биыл 14 мыңнан астап түлек 50 баллды жинай алмаған. Бірақ ҰБТ-ны тағы екі рет тапсыруға мүмкіндік берілген. Түлектер 25 шілде мен 3 тамыз аралығында сынақты екінші рет тапсыруға өтініш беруі керек. Ал ҰБТ 15-19 тамыз аралығында өтеді. Екінші рет шекті деңгейден өтпей қалса, онда қыста қайтадан тапсыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ 9 мектеп бітірушінің жауап парақтары жойылған. Ал жалпы шенеуніктер білім сынағының ойдағыдай өткенін айтып отыр. Биыл 102 447 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Соның ішінде 77 224 - қазақ тілінде, 25000 - орыс тілінде болса, 46 бала ағылшын тілінде сынақ тапсыруға ниет білдірген.