$533.61 €621.07 ₽6.78
×

ШҚО табиғат қорғау прокуратурасы өзен суының ластануына байланысты қылмыстық іс қозғады

AstanaTV
24.05.2016ж. 20:00
1844
ШҚО табиғат қорғау прокуратурасы өзен суының ластануына байланысты қылмыстық іс қозғады

Риддердегі "Қазцинк" ЖШС тау-кен байыту кешенінде техникалық су өзенге төгілді. Улы химикаттардың өткір иісінен оянған тұрғындар лайланған өзен суын көріп үрейлері ұшқан. Зиянды қалдықтармен бүлінген Тихая мен Филипповка өзендерін тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған.

Бұл сұйықтың иісі қолқаны қабады. Адамдардың басы айналып, өздерін жайсыз сезінуде. Тұрғындар қазір не істерін білмей дал болып отыр.

Қос өзен трансшекаралық Ертіс өзеніне құятын Үлбінің сағасы саналады. Қазір экологтар мониторинг жүргізгенімен, адамдар, лас су Өскеменге жетіп, Ертіске құя ма деп, қауіптеніп отыр. 

Бақытжан Ізғұттинов, ШҚО табиғат қорғау прокуроры:


Судың апатты жағдайда шыққаны расталды. Опырылған құдықтан шыққан бұл су Филипповка мен Тихая өзендеріне құйылған. 

Еркін КАРИН