Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай атыраулықтар Есіл өзенінен 300 метрлік көпір салды

AstanaTV
02.07.2018ж. 20:00
8851
Астананың 20 жылдық мерейтойына орай атыраулықтар Есіл өзенінен 300 метрлік көпір салды

Атыраулықтар елорданың 20-жылдық мерейтойына арнап жаяу және веложүргіншілер көпірін сыйға тартты. Есіл өзенінің үстінен салынған аспалы көпірмен алғашқы болып елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүріп өтті.

Ұзындығы 313 метр, мына осы тұрған жерімізде 18 метр, ал негізі 7 метр жаяу жүргіншілерге, 3 метрі велосепедный. Салмағы 2200 тонна. Ар жағында және де жаяу жүргіншілер жүретін 95 метрлік түсетін жері бар. Бұл енді атыраулықтардың Астананың 20 жылдығына қосқан үлесі. Нұрсұлтан Назарбаев, қабыл алыңыз. 

Көпір Атыраудың символы саналатын балық пішінінде тұрғызылған. Үстіңгі жағы 2450 жапырақ бейнесімен көмкерілген. Өткел Самал шағынауданы мен амфитеатрды байланыстырмақ. Көпірдің дизайны әлемдік сәулет өнерінің үрдісі бойынша безендірілген. Сырт келбеті заманауи үлгіге сай, ал жаяу жүргіншілерге арналған ішкі жағы жарық пен көлеңкенің көрінісін бейнелейді. Бұл ерекше көпір астаналықтар мен қала қонақтары үшін серуендеп-тынығатын орынға айналмақ. Жаяу және веложүргіншілерге арналған мұндай көпір елордада алғаш рет салынды. Көпірді асықпай көріп шыққан президент атыраулықтардың тартуын жоғары бағалап, алғыс білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Подарок Атырауской области, вот аким Атырауской области. Чтобы людям было спокойно переходить туда и сюда. Поздравляю с 20-летием Астаны. 

Нұрсұлтан Назарбаев  елорданы күллі қазақстандықтар бірлесе тұрғызғанын тағы бір еске салды. Бұл барша қазақ елінің қуанышы деді.