Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Батыс Қазақстан облысында замануи МӨЗ ашылады - Kazakh Invest

AstanaTV
03.07.2018ж. 20:00
2562
Батыс Қазақстан облысында замануи МӨЗ ашылады - Kazakh Invest

Батыс Қазақстан облысында жаңа замануи мұнай өңдеу зауыты ашылады. Бүгін Астанада өткен ғаламдық инвестициялық дөңгелек үстелде Kazakh Invest ұлттық компаниясы мен Араб Әмірлігі осындай келісімге келді. Қуаттылығы жылына 1 миллион тоннаға жуықтайтын зауыт толықтай жеке инвесторлар есебінен салынатын болады. Kazakh Invest берген ақпаратқа сай, эксперименталды алаң құрылысы биылғы жылдан қалмай басталады.

Сапарбек Тұяқбаев, "Kazakh Invest" ҰК АҚ басқарма төрағасы:

Олар шағын салғаны жөн, себебі сол тиімді болады дейді.  Ол жерде белгілі тәуекелдер де бар, себебі басқа технология қолданылады. Инвестор барлық тәуекелдерді өзіне алып отырғандықтан біз бақылап көреміз. Өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз.