$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай билігі қозғалыс интервалын сақтамаған қоғамдық көліктерді жазаламақ

AstanaTV
03.07.2018ж. 20:00
3002
Қостанай билігі қозғалыс интервалын сақтамаған қоғамдық көліктерді жазаламақ

Қостанай әкімдігі қозғалыс интервалын сақтамаған тасымалдаушы компанияларды сотқа берді. Билік өкілдері келісімшартты бұзу жөнінде талап-арыз түсіріп отыр. Олардың хабарлауынша, 20 қоғамдық көлік екі күн бойы жолаушылар тасымай қойған. Соның салдарынан қозғалыс интервалы сақталмай, тұрғындар жарты сағатқа дейін аялдамада автобус күтуге мәжбүр болған. "Өңірде дизель отынының бағасы өскені рас. Дегенмен тасымалдаушы компания келісімшарт міндеттемесін орындауы тиіс еді",- деді әкім орынбасары. Шенділер, қымбаттаған дизель отынын үнемдеу үшін көлік жүрісін азайтқандар сот алдында жауап береді, деп отыр.

Олжас Нұрғалиев, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары:

Тасымалдаушылардың айтуынша, жүргізушілердің ереуіліне байланысты  қозғалыс интервалы сақталмаған. Біз шартты бұзу үшін сотқа  3 талап арыз түсірдік. Өйткені тасымалдаушы  тарап келісімшартта көрсетілген міндет талаптарды орындамаған.

Қалада жолаушылар тасымалын 3 мекеме мойнына алған. Олардың бірі жергілікті биліктің уәжін жоққа шығарды. Бізбен телефон арқылы тілдескен кәсіпкер Александр Брунер қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ешқандай жүргізушілердің ереуілі болған жоқ. Автобустар түгел шықты. Кесте бойынша 18 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде. Штаттан тыс жағдай болған жоқ. Қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатырмыз.