Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астана барша қазақстандықтарды біріктірген кіндік қала - Б.Сағынтаев

AstanaTV
03.07.2018ж. 20:00
2271
Астана барша қазақстандықтарды біріктірген кіндік қала - Б.Сағынтаев

Астана күні - жалпы халық тойлайтын мереке. Үкімет отырысында премьер-министр осылай деп, барша қазақстандықты елорда мерейтойымен құттықтады. Бақытжан Сағынтаев сандарды сөйлетті. 20 жылда қала экономикасы номиналды есепте 224 есеге артып, 1997 жылғы 25,7 млрд теңгеден 2018 жылы 5,7 трлн теңгеге дейін көбейген. Қалаға салынған инвестиция 20 жыл бұрынғы 19,3 млрд теңгеден, 50 есеге артып, былтыр рекордты 945 млрд теңгегені көрсетті. Ал бюджеттен тыс инвестиция үлесі 80 пайызға жетіпті. 20 жылда Астанаға бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлінгенмен, Астана ел қазынасына 7 трлн теңге қайтарған. Яғни қаланың дамуына жасаған мемлекеттің қаржысы 3 есе артығымен қайтарылған.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі: 

Баршаңызды еліміз үшін маңыды белес - аяулы Астанамыздың  20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Ел боламыз ба, әлде заманның алапат желіне ұшып жоғаламыз ба деген тағдырлы сәтте халықты биік мақсатқа жұмылдырып, болашаққа бастаған Астана - жаңғырған жаңа Қазақстанның жарқын символы. Ол - қастерлі тәуелсіздігіміздің ұлы тұғыры, Алаш жұртының айбары, Елбасымыздың төл перзенті. Басында өзге түгіл, өзіміз күмәнмен қараған ғасыр жобасы Елбасының саяси көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында табысты жүзеге асып, небары 20 жылда арқа төрінде ғажайып қала бой көтерді.